50515
Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өсті
Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өсті
Елімізде колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өсті, деп хабарлады turkystan.kz.
Биылғы оқу жылында 190 мың жас колледж студенті атанды, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын болады. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақыны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға өседі, 2024 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі, - делінген баспасөз хабарламасында.Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар. Айта кетейі, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады.