Қарағанды облысындағы мектептерде алты күндік оқу аптасын енгізген

Қарағанды облысындағы мектептерде алты күндік оқу аптасын енгізген

Қарағанды облысындағы мектептерде алты күндік оқу аптасын енгізген
ашық дереккөзі
50304
Қарағанды облысының бірқатар мектептерінде 7 - 11-сынып оқушылары алты күндік оқу аптасына ауыстырылған, яғни дүйсенбіден сенбіге дейін оқиды. Бұл туралы Патриот Telegram-арнасы хабарлады. 1 - 6-сынып оқушылары бес күн оқиды. Алты күндік оқу барлық мектептерде емес, екінші ауысымдағы сабақтар кеш аяқталатын мекемелерде болады.
«Балам биыл мектеп бітіреді. ЖОО-ға түсуге дайындалуымыз керек. Сенбіде балам университетке түсу үшін қосымша курстардан өтеді деп жоспарладық. Себебі мектеп ҰБТ-ға дайындамайды. Енді қайтеміз? Неліктен Қарағанды облысының Білім басқармасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығын бұзады?» – деп ата-аналар шағымданды.
Аталмыш фактіге қатысты Қарағанды облысының Білім басқармасы пікір білдірді.
«Бірінші ауысым сабақтары сағат 8.00-де басталып, 14.05-те аяқталады (7 сабақ). Екінші ауысым 14.45-те басталып, 20.50-де аяқталды (7 сабақ). Өткен оқу жылында екінші ауысым оқушыларының ата-аналары сабақтың қараңғы уақытта аяқталуына наразылығын білдіріп, қыста тіпті қиын екенін айтты. Осыған байланысты 7, 8, 9, 10 және 11-сыныптардың оқу сабақтарын 6 күнге бөлу туралы шешім қабылданды», – деп мәлімдеді басқарма.

Серіктес жаңалықтары