Геосаяси жағдай экономикамызға да салқынын тигізіп тұр - депутат

Геосаяси жағдай экономикамызға да салқынын тигізіп тұр - депутат

Геосаяси жағдай экономикамызға да салқынын тигізіп тұр - депутат
ашық дереккөзі
50784
Парламент мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы жайлы пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Депутат ушығып тұрған әлемдегі геосаяси жағдай біздің экономикамызға да салқынын тигізіп тұрғаны анық.

«Осы алмағайып кезеңде тұрақты дамудың жолын табу қиынның қиыны.

Жолдаудан мемлекетіміздің кейбір осал тұстарын қалай бекітеміз, халықтың көкейіндегі түйткілдерді қайтсек тарқатамыз деген сауалдарға жауап алғандай болдық.

Бастысы бұл белгісіз мерзімге жасалған жоспар ғана емес, дені алдағы үш жылда жүзеге асуы тиіс нақты міндеттер!», - деді Ж. Амантайұлы.

Ол Президент талай жыл тамыр жайып, әр салада бір-бір қожайынға айналған монополистердің жауапкершілігін арттыруды тапсырғанын айтты.

«Әсіресе, өңірлердегі монополист компаниялардың әрекетіне бақылау жасайтын уақыт жетті.

Одан соң, шет елдерге, көрші мемлекеттерге энергетикалық тәуелсіздікке ұмтылудың өзектілігін баса айтты. Бұл ретте, жалпы халықтық референдуммен шешім қабылданар Атом электр станциясын салу мәселесінің орны маңызы зор.

Еліміз негізінен трансшекаралық өзендердің суына тәуелді. Биылғы жылғыдай қуаңшылық пен су тапшылығын алдын алу ұлттың қауіпсіздігімен пара пар өткір мәселе.

Осы орайда 20 су қоймасын салып, 15 бөгенді реконструкциядан өткізуді тапсыруы стратегиялық тұрғыдан тарихи шешім. Өйткені, ауыз су уақыт өткен сайын дүние жүзінде ең өзекті проблемаға айналды. Әрі осы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Су ресурстары жөніндегі министрліктің құрылғаны көзі қарақты жұрттың көкейінде жүрген жай еді.

Жолдауда инфрақұрылымды жетілдіру, ауылшаруашылығын қолдау, цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қудалауды доғару сынды аса өзекті мәсеслелер кеңінен қамтылды.

Әрине бір жолда бәрін талдап тастамаспыз.

Біздің ниет - қызыл сөзбен қисынын тауып мақтау мен мадақтау емес, көңілге қонған кесімді тұстарына тоқталу.

Ендігі міндет Жолдауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру.

Біз өз кезегімізде Мәжіліс  депутаттары ретінде осы сессияда міндеттерді іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін боламыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары