51025
2024 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері неше болады?
2024 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері неше болады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге жеткізу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді деп жоспарланып отыр.
«Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек», – деді Мемлекет басшысы.