Елімізде жаңа 5 министрлік құрылды

/
Елімізде жаңа 5 министрлік құрылды
ашық дереккөзі
Елімізде жаңа 5 министрлік құрылды Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен жаңа министрліктер құрылды, деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда,
  • Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.        
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары