Сүрбойдақтар неге көп?

Сүрбойдақтар неге көп?

Сүрбойдақтар неге көп?
ашық дереккөзі

Айналаға көз салсақ, сүрбойдақтар қатарының күн санап көбейіп жатқанын көріп жүрміз. Кеш үйлену қоғамда қалыпты құбылысқа айналып бара жатқандай. Қыздардың көпшілігі ер адамдардың әлсіздігін, майдаланып кеткенін айтса, жігіттер жағы жақсы қыздардың аз екенін алға тартады. Шын мәнінде, жалғыздан-жалғыз өз әлемінде өмір сүріп жатқандардың ойында не бар? Олар неге жұптасып өмір сүруге, үй болуға асықпайды? Қазақстандықтардың кеш үй­ле­нетінін статистикалық мәлімет­тер­ден де байқауға болады. Оның қо­рытындысы бойынша, 35 жас­тан асқан жас отбасылардың 21,6 пайы­зы – ерлер, 16,6 пайызы – әйел­дер. Қазақстанда 14-35 жас ара­­­лығындағы азаматтар жастар са­натына жататындықтан некеге тұ­рудың да орташа жасы ұлғайып отыр. Сөзімізге тұздық болу үшін ай­та кетейік, 2021 жылы некеге тұр­ған 35 жастан асқан ерлер үлесі 20,3 пайыз болса, сол жастағы әйел­­­дердің үлесі 15,5 пайыз, ал 2012 жылы тиісінше 13,8 пайыз жә­не 8,7 пайыз болған. Осылайша, елі­міздегі «жас отбасы» ұғымының өзі уақыт өте түрленіп келеді. Осыдан 10 жыл бұрын қыз­дар­дың некеге тұру жасы – 24,4 жас бол­са, қазір – 25,2 жас. 2022 жылдың қорытындысы бойын­ша, ер адамдар үшін Қазақ­стан­да алғашқы некеге тұрудың ор­таша жасы – 28 жас болды, ал 10 жыл бұрын 26,9 болған. Статис­ти­ка­дан көргеніміздей, елімізде не­кеге тұратын қыз-жігіттердің ор­та­ша жасы ұлғайып барады. Елі­­міз­дегі қыздардың 700 мыңнан ас­та­мы, яғни 30 пайызға жуығы тұрмыс құрмаған. Демограф-сая­сат­танушы Әзімбай Ғалидың ай­туы­нша, кеш үйлену – әлемдік үр­діс және болашақта елімізде не­кеге тұратындардың орташа жа­с­­ы тағы да ұлғая түседі. – 2000 жылдары қала жастары үй­ленуге ден қоя бастады. Ол кезде не­­кеге тұру жасы 20-21 жас бола­тын. Қазір керісінше бұл үрдіс си­рей түсті. Бүгінде бұл көрсеткіш ша­­­мамен 7-10 жылға ұлғайды. Жас­тар қазір 28-30 жасында некеге тұрады, тіпті кейбірі 33 жасында үй­ленеді. Болашақта туу төмен­дей­ді, некеге тұрудың орташа жасы ұл­ғаяды, ажырасушылардың саны ар­тып, сәйкесінше екінші неке кө­бейе­ді. Үйленудің орташа жасы 30 жас­тан асады. Бұл – заңды құбы­лыс. Некеге тұрушылар ерте үй­лен­се де, кеш үйленсе де бала саны 1-2-ден аспайтын болды. Бұл үрдіс қа­зақты да қамтыды. Бұрын әр үй­де 5-6 бала болатын. Қазір ары кет­се 3-4 баладан. Болашақта 1-2 ба­л­а­ны қанағат тұтатын болады. Осы­лайша, біз де әлемдік тен­ден­ция­дан қалыс қалмай отырмыз, – дейді ғалым. Әлем бойынша некеге тұра­тындардың орташа жасы ұлғайып бара жатқанын БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық ко­мис­сиясы да растап отыр. Қазақстанда ре­сми некеде ешқашан тұрмаған адам­дар санында да өсім байқа­ла­ды. Оған себеп – азаматтық, яғни тір­келмеген некенің көбеюі. От­­ба­сы психологы Жанат Шамақова «Бұрын жастар алды-артына қара­май үйленетін, материалдық жағ­дайды сосын ойланатын. Қазір жас­тар материалдық тұрақтылық­қа қол жеткізгеннен кейін барып са­налы түрде отбасылы болғысы ке­леді. Бұл – кеш үйленудің бір ар­тықшылығы» дейді. – Бұрын қыздар тұрмысқа не ма­хаббатпен, не ақымақтықпен шы­ғады дейтін. Қазір ондай шек­теу жоқ. Біздің кезімізде қыз бен жі­гіт екеуі бірге уақыт өткізу үшін үй­ленетін. Өйткені ол кезде мұн­дай еркіндік болған жоқ. Қазір жас­тар шектеу болмағандықтан үй­ленбей-ақ бірге тұра береді. Сон­дықтан некелерін тіркеуге асық­пай­ды. Бұрынғыдай бірге жүріп-тұру жастарға таңсық емес. Қыздар мен жігіттердің үйленуге асық­пауы­ның бір себебі осы, құн­ды­лық­тардың өзгеруі, – дейді пси­­­холог.

Оқыған қыз орнын таба ма?

Елімізде тұрмысқа шықпаған қыздар санының артуына ата-аналарының «қосқан» үлесі бар екенін айтсақ әбестік болмас. Қай­­та құру кезеңінде жұмыссыз қал­­ған ата-аналардың қорқынышы ба­­лаларға әсер етті. Кеңес үкі­ме­ті­нің құлауы, социализмнен капи­та­лизмге өту кезінде экономикалық құл­дырауға тап болған ата-аналар қыз­дарының жоғары білім алуына, жақсы маман болып қалыптасуына жағ­дай жасай бастады. Олар оқу бітір­ген қызының тұрмысқа емес, ж­ұмысқа орналасқанын қалады. Өз қолы өз аузына жеткен қыздың көлік, үй алуға да шамасы жетеді. Осылайша, карьера қуған қыздар уақыттың қалай өткенін білмей қа­лып жатыр. Отбасы бақыты ұғы­мы білім алу мен жақсы жұмыстың кө­лең­кесінде қалды. Бұрын «қыз мұ­раты – кету» болса, қазір «жету» бо­лып тұр. Қызметте жетістікке жету, көлікке, пәтерге қол жеткізу се­кілді материалдық қажеттіліктер ті­зімі шексіз жалғаса береді. – Бұрын қазақта кеш үйлену өте сирек кездескен. Бірлі-жарым ақыл-есі кем, ауру-сырқау жан­дар­ды кешеуілдеп барып өзі секілді жан­ға қосқан. Ал қазіргі кеш үй­ленуді жастардың эгоистік көзқа­ра­­­сымен байланыстырсақ болады. Жас­тар үйлі-баранды болғанды ауыр­сынып, өзінің ғана жанын күйт­теп жүр. Халқымыз «Бас екеу бол­­май, мал төртеу болмайды» де­ген. Болашақта 10-15 баласы бар де­ген ертегі секілді елестейді, 5-6 ба­ласы бар дегендер көзден бұлбұл ұша­ды. Бір бала жақсы, екеу одан да жақсы дегенге келеміз. Бұрын «Бірінші байлық – денсаулық, екін­ші байлық – ақ жаулық, үшінші бай­лық – он саулық» болса, қазір «екін­ші байлық – он саулық, үшін­ші байлық – ақ жаулық» болып, үй­­­­лену соңғы орынға ығысып, ма­­­териалдық жағдай алға шықты. Бұл – бүкіл әлемді жаулаған құбы­лыс. Өйткені дамыған елдерде жас­тардың жағдайы жақсы болса да үйленуге асықпайтынын көріп отыр­мыз, – дейді этнограф Досым­бек Қатран. Жасы келген қыздардан не­лік­тен тұрмысқа шықпай жүргенін сұра­саңыз, «Өз жағдайымды жасап, еш­кімге қол жаймайтындай бол­ған­да ғана тұрмыс құрамын», «Ата-анам­ның алдындағы парызымды өтеген соң тұрмысқа шығамын», «Ойым­дағы жігіт кездеспей жүр», «Тұр­мысқа шықсаң арманың да, мақсатың да, жоспарың да жайына қа­лады», «Біреуге бағынышты бол­ғым келмейді», «Әйел болуға әлі дайын емеспін», «Шетелге шығып, ел көріп, жер көріп қалайын», «Ме­ні ұнатқандарды мен ұнатпаймын, маған ұнағандар мені ұнатпайды» деген сынды түрлі жауап естисіз. Қыз­меттің құрығына түскен бұ­рым­дылардың көн етіктіні көзге іл­мей, көк етіктіні күтетіні анық. «Өзім – би, өзім – қожа» қағида­сы­мен өмір сүретін бойдақ қыздар жалғыздық өмірге әбден үйренеді. Жұ­мысы, достары, қызығушылығы қа­лыптасқан қыздарға жеке өмі­ріне ер адамды кіргізу өте қиын. Осы­лайша, бойдақ қыздар тұрмыс­қа шыққысы келгенімен бейсаналы түрде жігіттерді тойтарып оты­ра­ды. Алдына келген жігітті қия­лын­дағы ханзадамен салыстырып, ойы­нан шықпаған соң өмірінен алыс­татып, «жаман аттан жайда­ғым, жаман байдан бойдағым» ар­тық деген тұжырымға келеді. Алай­да темір тұлпар тізгіндеп, бір бе­­лестен кейін екіншісін бағын­ды­рып, қызметтік мансабын жасаған қыз­дың отбасылық өмірді де ұр­шық­тай үйіріп әкетері күмән ту­дыр­­­майды. Алайда қоғамда отба­сы­лық өмір туралы қате, жалған қор­қыныштармен өмір сүретін қыз­дар көп дейді психолог маман­дар. – Жастардың кеш үйленуінің екін­ші себебі – материалдық тұр­ғы­дан тәуелсіздікке ұмтылуы. Олар өздері үшін өмір сүргенді ұнатады. Қыздар оқу оқиды, жұмыс істеп, ақ­­ша табады. Бұрын тұрмысқа шық­­­­­қан келіншекке жолдасы қам­қор­шы болып, қаржылық жағынан қам­тамасыз ететін. Отбасының қол­даушысы – күйеуі болатын. Ал қа­зір қыздар өздері ақша тауып, кө­лік, үй сатып алады. Бұл мате­риал­дық қажеттіліктерді өздері өтеген соң ер адам керек емес сияқ­ты көрінеді. «Бәрін өзім жасай ала­тын болсам күйеудің қажеті қан­ша? Керек болса баланы ЭКО-мен туып аламын» деген оймен жү­реді. Яғни, ер адамға мұқтаждық жоқ, қажетсінбейді. Ал жігіттер үй­лену мәселесіне келгенде отба­сыма қамқоршы бола алмаймын, материалдық тұрғыдан қамтама­сыз ете алмаймын деп қорқады. Сон­дай-ақ отбасында зорлық көр­ген балалар есейгенде үйленуден қаш­қақтайды. Әкесі ұрып-соққан, сек­суалдық зорлық көрсеткен ер адам­дардың отбасын құруы өте қиын, – дейді психолог Жамал Ша­­ма­қова. Психолог маманның алдына қыз­метте тасы өрге дома­лап тұр­ған, жетістікке жеткен қыз­­­дар көп келеді екен. Олар тұр­мыс­­қа шықпай жүрген себебін таба алмай дағдаратын көрінеді. Жал­ғыздық жалықтырған қыз­дар­дың тұрмысқа шық­пау себебі де әр­түрлі. – Қазақ әдетте дү­ниеге келген ал­ғаш­қы перзентінің ұл не қыз бол­ға­ны­на аса мән бермейді. Екін­­ші­сі ұл болады деп күтеді. Ал екін­ші сәби де қыз бол­ған жағдайда, нәрес­те анасының ішінде жа­тып өзі­­нің қалаулы емес екенін бей­са­на­лы түр­де сезінеді. Қыз бала өмір­­ге келген соң ата-анасының көңілі­нен шығып, ұл сияқты бол­ғысы ке­леді. «Мен ұлдан кем емес­пін, сіз­дерге осыны дәлелдеймін» деген ой­мен әрекет ете бастайды. Мұн­­дай қыздардың психикасы өз­геріп, ер адам сияқты жетістікке ұм­ты­лады, діттегеніне жетпей қой­май­тын болады. Ер адам сияқты жұмыс істейді, көлік алады, үй салады, әке-шешесіне көмектеседі. Психо­ло­гиялық тұрғыдан қыз ұл сияқты бо­лып кеткенде оған ер адам жола­май­ды, таныспайды, кездесуге ша­­­­қыр­майды. Маман ретінде біз мұн­дай қыздардың бойын­дағы әйел­дік қасиеттерді арт­тыруға күш са­ламыз, – дейді пси­хологы. Отбасы құндылығы өзгеріске ұшы­ра­ған қоғамда көп ата-ана ұлын да, қызын да еркін, «Сен еш­кімге ештеңе міндетті емессің» де­ген қағидамен тәрбиелейді. Мұн­дайды естіп өскен қыз үй тірлігін істеуден, күйеуінің бабын жасау­дан, келіндік қызметтен қашады. Жар таңдаудан, қателесуден қорқа­ды. Сымбатым бұзылады деп бала­лы болғысы келмейтін, ана болу­дан қашқақтайтын қыздар да аз емес. Өз отбасында кикілжіңді көп көр­ген қыздар мұндай қиындық­тар­ды өз басынан өткізгісі кел­мей­ді. Отбасында тұңғыш бала болған қыз­дардың іні-сіңлілерін жетіл­діре­­мін деп жүріп тұрмысқа шық­пай қалатынын да көріп жүрміз. Түптің түбіне келгенде кеш үй­лену­дің басты себебі – жауапкер­ші­лік­тен қашуға келіп тіреледі.