Қытай Халық Республикасының солтүстігінде, Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы кемпинг аумағында сел жүрген. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 2 адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап мәлімдеді.
Олардың дерегінше, оқиға 16 тамызда Баян-Нур қаласының маңында болған. Сел жүргеннен кейін 13 туристпен байланыс үзілген, олардың біреуі құтқарылды.
Іздеу-құтқару жұмыстарына төтенше жағдай қызметтерінің 700-ден астам маманы жұмылдырылған.