Ақтөбе қаласында көршісінің қырағылығы мен құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдай болған жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бөкенбай батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 5-қабатында ашық терезенің алдында тұрған кішкентай қызды көріп қалған көршісі дереу 112 қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автосаты арқылы терезеге көтеріліп, баланы қауіпсіз жерге түсірді.
Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде қыз төмен түсірілді, оқыс жағдай қайғылы оқиғаға ұласпады. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді жұмысы баланың өмірін сақтап қалды.