50312
«Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады
«Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады
Мемлекет басшысы келесі жылы «Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. «Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жекеменшікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы «Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. «QazaqGaz» кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.