50490
Атырауда ер адам балабақшаны тонады (ВИДЕО)
Атырауда ер адам балабақшаны тонады (ВИДЕО)

20 шілдеге қараған түні белгісіз адам Атыраудағы балабақшалардың біріне мүлікті ұрлау мақсатында пластикалық терезесінен кіріп, екі ноутбукты ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Атырау қалалық № 1 полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстап, заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ», - деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.