«Бір сағатқа жуық уақыт бойы өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң әйел полицейлердің көмегіне жүгінуді шешкен. Шақырту бойынша оқиға орнына №1 учаскелік пунктінің инспекторлары жетті, олар азаматшадан мән-жайды нақтылап, оның жүрген жолы бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев дүкендердің біріндегі креслоның астынан әмиян тауып алып, оны барлық заттарымен заңды иесіне қайтарып берді», - делінген хабарламада.
Миллион теңге: шымкенттік полицей жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды

Миллион теңге: шымкенттік полицей жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды
Шымкентте учаскелік полицей ішінде млн теңгесі бар жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Абай АПБ-ның «102» арнасы арқылы азаматша арызданды. Қала тұрғынының айтуынша, ол сауда орталығында жүргенде қомақты ақшасы, құжаттары мен банк карталары салынған әмиянын жоғалтып алған.