Ата Заңымызға - 28 жыл: Қазақстан Конституциясы қалай өзгерді?

Ата Заңымызға - 28 жыл: Қазақстан Конституциясы қалай өзгерді?

Ата Заңымызға - 28 жыл: Қазақстан Конституциясы қалай өзгерді?
ашық дереккөзі
51426
1993 жылы қабылданған еліміздің басты құжатына осымен 28 жыл болып отыр. Еліміздің бас құжатына бірнеше рет өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Ең соңғы рет Ата Заңымыз былтыр республикалық референдум қорытындысы бойынша өзгерген еді. Конституция тарихы Конституция – еліміздің ең маңызды құқықтық құжаты. Онда республикамыздың түбегейлі принциптері, мемлекеттік құрылым механизмі бекітілген, билік пен басқару органдарының құрылымы анықталған, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетілген. Осыдан 28 жыл бұрын, 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда еліміздің бағдарына айналған негізгі заңы қабылданды. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрды. 1995 жылғы Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы – жаңа Ата Заңға алғаш рет азаматтың құқығына ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енгізілген. Еліміздің негізгі заңын қабылдаудан бұрын ел халқымен кеңінен талқылау болды. Жоба 33 мыңға жуық ұжымдық талқылаудан өтіп, оған 3 миллионнан астам азамат қатысқан. Талқылау барысында 30 мыңға жуық ұсыныс пен ескерту, 55 бапқа 1 100-ден астам түзету мен толықтыру енгізілген. Осылайша, мемлекеттік құрылым сенімді саяси-құқықтық негізге ие болды. Конституцияға сәйкес, тәуелсіз Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституция қалай өзгерді? 28 жылда Ата Заңға алты рет өзгеріс енгізілген: 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. Осы аралықта ел Конституциясы қалай өзгергенін толығырақ мына материалдан оқыңыз: Ең ауқымды өзгерістер 2022 жылы жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды. Атап айтқанда, негізгі заңнан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мәртебесі алынып тасталды. Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысы лауазымдарын атқару құқығынан айырылды. Парламент депутаттарын сайлау жүйесі де өзгерді. Елімізде Конституциялық сот құрылды. Өлім жазасына тыйым салынды. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар енді халыққа тиесілі. Айта кетейік, 30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мереке саналады.

Серіктес жаңалықтары