50483
73 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды
73 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды
ШҚО-ның 73 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге Глубокое полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері көмектесті.
«Оның жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты, бірақ ол оны әлдеқашан жоғалтқан. Полицейлер Қазақстан азаматтығына жататынын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетіп, ҚР азаматының жеке куәлігін ресімдеді. Енді ер адам жасына байланысты зейнетақы алып, маңызды әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады», - делінген хабарламада.