Елімізде Конституциялық және саясизерттеулер институты ашылды
Елімізде Конституциялық және саясизерттеулер институты ашылды
Конституция күніне орай Maqsut Narikbayev University қабырғасында конституциялық құқық ғылыми мектебінің негізінде Конституциялық және саяси зерттеулер институты іске қосылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Институттың мақсаты - университеттің жетекші конституционалист ғалымдарымен іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, конституциялық құқық, мемлекеттік басқару және саясат, әрі осымен байланысты салалар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, қолданысқа енгізу.
Институт қызметінің негізгі бағыттары:
– конституциялық институттар, адам құқықтары, мемлекеттік саясат, басқару және онымен байланысты салалар бойынша зерттеулер жүргізу;
– конституциялық құқық, мемлекеттік басқару және саясат саласындағы ұлттық және халықаралық гранттық ғылыми жобалар конкурстарына қатысу;
– университет студенттері, магистранттары және докторанттарымен ғылыми-зерттеу жұмысының әртүрлі нысандарын ұйымдастыру, студенттердің арасында университет ішіндегі, ЖОО аралық конкурстар, халықаралық конференциялар, training sessions және workshops өткізу;
– Public Policy / Public Administration бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және оқыту курстарын өткізуге қатысу;
– ұлттық және халықаралық ұйымдар және мамандармен, соның ішінде басқа мекемелерде құрылған мамандандырылған институттар және орталықтармен ынтымақтастық.
Институт директоры Индира Оралқызының айтуынша, аталмыш институт еліміздегі конституциялық реформаны жүзеге асыру және дамыту мақсатында ашылуда.
Айта кетейік, Индира Әубәкірова заң ғылымдарының докторы, MNU Құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры, саяси-құқықтық және жария құқық мәселелері бойынша 180-нен астам ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстанның құрметті заңгері. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің шақырылған профессоры. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі (2022), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі, ҚР ОСК жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі (доктор дәрежесі).