Қазақстанда электрлі самокаттарға қатысты заң күшіне енді

Қазақстанда электрлі самокаттарға қатысты заң күшіне енді

Қазақстанда электрлі самокаттарға қатысты заң күшіне енді
ашық дереккөзі
50644
Қазақстанда электрсамокаттардың қозғалысына арналған заң күшіне енді. Енді мұндай көліктерді 16 жасқа толған жүргізушілер ғана жүргізе алады, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.  Ережеге сай, енді самокаттар веложолды пайдалануы керек. Ал мұндай жол жоқ аймақта тек жүріс бөлігінің оң жақ шетімен жүруі керек. Тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен қозғалған кезде электрсамокаттарға сағатына 6 километрге дейін жылдамдатуға рұқсат етіледі. Жалпы, максималды жылдамдық сағатына 25 шақырымнан аспайды. Ал каска мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы міндетті болып табылады. Айта кету керек, жыл басынан бері елде электрсамокаттардың қатысуымен 11 жазатайым оқиға тіркелген. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.
«Кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарғаны үшін самокаттар мен мопед жүргізушілері жауапкершілікке тартылып, көлік айыппұл тұрағына орналастырылады. Жүргізуші 16 жасқа толмаған болса, тұрғылықты жері бойынша жеткізіледі. Мұндай жағдайда жүргізушінің ата-анасы жауапқа тартылатын болады», – деді Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Мұрат Сәрсенбеков.

Серіктес жаңалықтары