Астанада 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды - AMANAT

Астанада 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды - AMANAT

Астанада 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды - AMANAT
ашық дереккөзі
50300

Бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының XXXVII есеп беру-сайлау конференциясында филиалдың Саяси кеңесінің 49 мүшесі сайланды. Саяси кеңестердің құрамы 53%-ға жаңарып, оның 20%-ы  - жастар, ал 29%-ы әйелдер болды.

 width=

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Павел Казанцев, қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы «AMANAT»-тың қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов баяндады.

 width=

«Биыл 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. №5 және №8 қалалық емханаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 199 отбасы көгілдір отынға көшу үшін әлеуметтік көмек алды. Қала тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. 5 жыл ішінде 100 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу, 150 лифтті ауыстыру, 75 апатты және тозығы жеткен үйлерден тұрғындарды көшіру, жыл сайын жастарға 500 пәтер беру көзделген», – деді ол.

Жалпы, 2021-2022 жылдары партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Астана қаласында 19 мектеп, 40 «үй жанындағы дәрігер» нысаны бой көтерді. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 150-ден астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделіп, 13 мыңға жуық үлескерге құрылысы ұзаққа созылған 120 тұрғын үйден пәтер берілді. 1 млн-нан астам ағаш отырғызылып, 680 шақырымнан астам газ тарату желілері салынды. Сонымен қатар, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем стансаларының автопаркі 200-ден астам көлікпен толықтырылды.

 width=

«Өткен жылы Президент сайлауы және референдумда партияластар, әсіресе бастауыш партия ұйымдары өте белсенді жұмыс атқарды. Біз мәжілісте және барлық деңгейдегі мәслихаттарда көптеген орынға ие болдық. Мемлекет басшысын қоғамдық тірегіміз деп айта аламыз. Оның артында әрбір партия мүшесінің адал еңбегі тұр», - деп атап өтті «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев.

Айта кетейік, Астана қаласында 263 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 36 мыңнан астам «AMANAT» мүшесі бар.

Серіктес жаңалықтары