«Ұлы дала жорығы»: Маңғыстаулық шабандоздар қатысу үшін Астанаға бірінші жетті

«Ұлы дала жорығы»: Маңғыстаулық шабандоздар қатысу үшін Астанаға бірінші жетті

«Ұлы дала жорығы»: Маңғыстаулық шабандоздар қатысу үшін Астанаға бірінші жетті
ашық дереккөзі
50471
2022 жылы алғаш рет өткен «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде бірінші болып жетіп, топ жарған маңғыстаулық «Көкмойнақ» командасы, он тұлпармен екінші Жорыққа қатысу үшін Астанаға ең алғаш болып жетті, деп хабарлады turkystan.kz. Биыл да маңғыстаулықтар үлкен Жорыққа Адай жылқыларымен келіп отыр. Алайда, биыл маңғыстаулық атбегілер ақылдаса келе, өткен жылғы Жорыққа қатысқан аттарды толық ауыстыруды жөн санаған. Сонымен қатар, шабандоздарды да өзге жастар алмастырған.
«1 300 шақырымды жүріп өту жылқыға оңай емес. Шабандоздардың салмағына байланысты биыл басқа жігіттер келді. Қатысатын барлық команда біз үшін басты қарсылас. Алыс жолға шыдамды аттың жағының қуысы кең, омыраулы болуы керек. Солар нағыз ұзаққа шабатын аттар ғой. Айта кететін бір жайт, тұлпарлардың барлығын облыстағы әр ауданнан іздеп таптық. Мәселен, Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау аудандарының әрқайсынан 2 ат таңдап алдық. Жаңаөзен қаласынан тағы бір ат бар», - дейді маңғыстаулық атбегі Есболат Бекұлы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от «Ұлы Дала Жорығы» (@joryq2023)

Серіктес жаңалықтары