«1 жыл болады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне қатысты жазба жариялады

«1 жыл болады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне қатысты жазба жариялады

«1 жыл болады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне қатысты жазба жариялады
ашық дереккөзі
50349
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың туған жерінде жылдық асын бергені жайлы айтып, видео жариялады.
«Уақыт деген жүйрік қой… 2 айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе Қатым-Құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Е-ее, зымыраған жүйрік уақыт десеңші… Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар, ауылдастармен Құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда. Құдай амандығын берсе», - деді ол.
Айта кетсек, 2022 жылдың қараша айында  белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаев 57 жасында өмірден өтті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Серіктес жаңалықтары