50467
Елімізде рөлі оң жағындағы көліктерді әкелуге тыйым салынады
Елімізде рөлі оң жағындағы көліктерді әкелуге тыйым салынады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомство «Рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрықтың жобасын дайындады.
Бұйрыққа сәйкес тыйымды 6 ай мерзімге енгізу қарастырылған.
Жоба 2023 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Заң жобасының орындалуын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп бақылайды. Бұған дейін Қазақстанда рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге 2006 жылы тыйым салынған болатын.