50354
Тауға қашап жазу жазған Мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті
Тауға қашап жазу жазған Мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті
Маңғыстаудағы Ыбықты сайына жазу жазған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл іс-әрекетімен мәдениет қызметкерлері атына, жалпылай мәдениет саласына сөз келтіргені үшін, әлеуметтік желіде көптің наразылығын тудырған қателігін мойындай отырып, іс-әрекетінің жауапкершілігін өз мойныма аламын деген азаматтық позициясын ұстанып, 2023 жылғы 28 тамыздан бастап өз еркімен қызметінен босады», - делінген Ақтөбе қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ инстаграм парақшасында.Естеріңізге сала кетсек, шенеунік фейсбук парақшасында іс-әрекеті үшін түсініктеме беріп, кешірім сұраған болатын.