50349
Елордада ер адам кісі өлтіріп, автобусқа мініп кетіп қалған
Елордада ер адам кісі өлтіріп, автобусқа мініп кетіп қалған
26 тамызда түс ауа Уәлиханов көшесінен «Артем» сауда үйі маңында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордалық полицияның жеке құрамы бірден қылмыскерді іздеуге жұмылдырыған. Екі ер адамның арасында кикілжің туындап, соңы төбелеске айналғаны анықталды. Төбелеске қатысушылардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кеткен. Жәбірленуші сол жерде қаза болған.
«Қылмыс куәгері полицияға күдіктінің қай бағытқа қашып кеткенін көрсетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа мінгенін анықтап, іздеу бағатын нақтылаған», - деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.