50274
Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігі үшін 50 мың теңге алған
Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігі үшін 50 мың теңге алған
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Агенттіктің хабарлауынша, шенді жүк көліктерінің кедергісіз қозғалуы үшін пара алып отырған.
«Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады», – деп жазылған хабарламада.Күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.