Қазақстандық құқық қорғаушыны тағы да психиатриялық тексеруге жіберді

Қазақстандық құқық қорғаушыны тағы да психиатриялық тексеруге жіберді

Қазақстандық құқық қорғаушыны тағы да психиатриялық тексеруге жіберді
ашық дереккөзі
151
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны 64 жастағы құқық қорғаушы Александр Харламов өткен жылдың қараша айында діни алауыздық туғызды деген айыппен қозғалған қылмыстық іске байланысты тағы да психиатриялық сараптамаға жіберілді. Бұл жөнінде Харламов бүгін телефон арқылы хабарлады.
Харламов өзін психиатриялық тексеруге жіберуіне байланысты процессуалды заң бұзушылықтар орын алды деп есептейді. Тергеушілер оны психиатриялық сараптамаға жіберу жөніндегі жолдама қаулысымен таныстырмаған. Алайда сараптама қорытындысы тек бірнеше аптадан кейін ғана белгілі болады екен. Риддер қаласы ішкі істер бөлімінің басшы орынбасары Нұржан Бергеубаев ешқандай заң бұзушылықтар орын алмағанын айтады. Оның сөздерінше, Харламов психиатриялық сараптамадан өту қажеттігін біледі. Оған сараптамаға өздігіңнен бар деген ұсыныс жасаған екен. Бірақ Харламов Бергеубаевтың сөзінше, көлігім жоқ деп бармаған. Психиатриялық сараптамаға мәжбүрлі түрде баруға талап қойылған жоқ дейді Бергеубаев. 2 ақпанда Харламов пәтерінде жаңадан қозғалған қылмыстық іске байланысты тінту жүрген. Нәтижесінде үйінен "Ең кемеңгер кітап" деген шығармасы табылған. Александр Харламовқа қатысты қылмыстық іс өткен жылдың 16 қарашасында қозғалған. 22 қарашада психология-филологиялық сараптама оның кітабында өзге діндерге деген теріс көзқарас бар деген қорытынды шығарған. Александр Харламовқа 2013 жылы интернетке өзінің болашақ "кітабынан" үзінді келтіргеннен кейін, діни алауыздық туғызды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Бұл іс бойынша Харламов жарты жыл көлемінде тергеу абақтысында отырып шыққан. Оны екі рет мәжбүрлі түрде психиатриялық тексеруден өткізген.

Серіктес жаңалықтары