50587
«Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры тағайындалды
«Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры тағайындалды
Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.
Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, сонымен қатар Назарбаев университетінде алған МВА магистрі дәрежесі бар.
Осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеді.
Соңғы жеті жыл бойы «Самұрық-Қазынаның» қаржылық активтерді басқару жөніндегі директоры, сондай-ақ корпоративтік Қаржы департаментінің директоры болды.
Айта кетейік, өткен жұмада оның алдындағы директор Нәзира Нұрбаева Президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.