50403
250 мың доллар: Алматыда ер адам сейфті ұрлап кеткен
250 мың доллар: Алматыда ер адам сейфті ұрлап кеткен
Алматы полициясы пәтер ұрлығына күдікті азаматты анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, қылмысты жасады деген күдікпен Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады.
«1989 жылы туған И.есімді азамат терезе арқылы бөтен біреудің үйіне кіріп, одан жасырын түрде сейфті ұрлап кеткен. Сейфтің ішінде ірі көлемде ақша болған. Ұрлық болған кезде үй иелері болмаған, олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Отағасының айтуынша, ол жеке кәсіпкер. Үйіндегі сейфінде 250 мың доллар болған. Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.