Аманаттықтар Атырау облысында 1500 баланы мектепке дайындады

Аманаттықтар Атырау облысында 1500 баланы мектепке дайындады

Аманаттықтар Атырау облысында 1500 баланы мектепке дайындады
ашық дереккөзі
50658
«AMANAT» партиясының «Баланы мектепке дайындайық!» республикалық акциясы аясында Атырауда партия фракциясы мүшелерінің және бастауыш партия ұйымдарының атсалысуымен 1500 бала жаңа оқу жылына қажет құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етілді.  width= Партияның «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу. Өңірде игі бастама Жылыой, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласында бастау алды. Мұнда партия фракциясының мүшесі Әлібек Темірғалиев 180 балаға оқу құралдары салынған сөмкелер мен мектеп формаларын сыйға тартты. Дәл осындай қайырымды амалдар облыстың барлық ауданында жалғасты.  width=
«Жаңа оқу жылы басталар алдында мектеп жасындағы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап жатырмыз. Фракция мүшелерінің, бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен 30 млн теңгеден астам қаражатқа 1500 баланы мектепке дайындадық», – деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.
Айта кетейік, биыл аталған іс-шараға «Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі де атсалысып жатыр.  width=  width=

Серіктес жаңалықтары