403
Димаш Құдайберген Қытайда I'm in China жобасының тұңғыш елшісі атанды
Димаш Құдайберген Қытайда I'm in China жобасының тұңғыш елшісі атанды
Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауына қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайдың Сычуань өлкесіндегі пандалар бағына барды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде "не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа еніп жатқан мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында, үлкен назарға ие" деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануар әлем бойынша 2000-ға жуық қана саны қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді!... Мен кеше олармен кездестім...
Қытайдың Сычуан өлкесі жер жүзіндегі барлық панданың Отаны! Чанду қаласына арнайы ұшып барып, осынау сүйкімді жануарлармен жақынарақ таныстым. Әлем бойынша тұңғыш рет "I'm in China" жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші Елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!", - деп жазды жас әнші өзінің Іnstagramжелісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар әншінің PR-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Қытайдың Чанду қаласында тұрғындарымен кездесіп, тілдесті. Жергілікті тұрғындар Димашқа деген өз ілтипаттарын білдірді. Ол Сычуань провинциясының Чанду қаласында сол жергілікті тұрғындардың ежелгі дәстүрімен, атақты шәй демдеу рәсімін үйренген. Сондай-ақ Димаш осы саяхат барысында Сычуань операсын тамашалады.