Партияның Қызылорда облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Партияның Қызылорда облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Партияның Қызылорда облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті
ашық дереккөзі
50297
Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Онда партия ұйымының 2021-2022 жылдардағы жұмысы қорытындыланды. Алқалы жиынға «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшесі Мархабат Жайымбетов, партия  филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросы мүшелері, аумақтық партия филиалдарынан сайланған 249 делегат қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Қызылорда облысында Саяси кеңестер құрамы 55% - ға қайта жаңарды. Оның ішінде, әйелдер - 30%-ды, жастар - 25 %-ды құрады. Облыста партияның 1 аймақтық, 9 аумақтық филиалы, 241 бастауыш  ұйымы және 45 мыңға жуық мүшесі бар. «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев тұрғындардың әлеуметтік - экономикалық әл-ауқатын жақсарту мен партия жұмысын күшейту бағытындағы алдағы мақсат-міндеттерді атап өтті.  width=
«Бүгінде партияда тәжірибесі мол, қоғамда беделі бар 191 қызылордалық Саяси кеңес мүшесі болса, 25 аманаттық облыстық мәслихат депутаты. Өңірде 241 бастауыш партия ұйымымыз бар. Олар - партияның сенімді серіктері мен қозғаушы күші. Ендігі міндет - сайлаушыларға берген уәделерді дер кезінде орындау. Бұл тұрғыда қазір ең қажеттісі - шынайы болу. Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруда санға емес, сапаға мән беру қажет. Бұл – «AMANAT»-тың басты ұстанымы», - деді Ержан Жылқыбаев.
Конференция барысында партия филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды баяндады.  width=
«Есепті мерзімде партияның 1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық  Сайлауалды бағдарламалары бойынша жоспарланған 1 499 іс-шараның 97%-ы орындалды. Бағдарлама аясында  балабақшалар саны артып, нәтижесінде 2-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылуы 88,8%-ға, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы 100%-ға жетті. Өңір тұрғындарының көгілдір отынды пайдалану деңгейі 70%-ы құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 75%-ға  жеткізу жоспарланған. Нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі - 82%. Облыс тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен 98,1%-ға қамтылды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізетін боламыз», - деді партияның облыстық филиалының төрағасы.
Сондай-ақ, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне тұрғындардан 8 005 өтініш түсіп, олардың 64,2%-ы оң шешімін тапқан. Үш мыңға жуық өтінішке заң тұрғысынан тиісті түсіндірмелер мен құқықтық кеңестер берілді. Бұдан бөлек, 35 ауылда мобильді қабылдаулар өтіп, оларда көтерілген 579 мәселенің 43,3%-ы шешімін тапқан. Биылға жоспарланған 16 қабылдаудың 8-і өтіп, онда 96 тұрғынның 29 сұрағы қанағаттандырылған. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облысқа биылғы жылға 3 млрд. теңге бөлініп, 600 микрокредит беру және 636 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бүгінде 199 млн. теңгені құрайтын 30 жобаға несие берілді. «Жер аманаты» жобасы бойынша 157,1 мың гектарды құрайтын 256 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл 200 мың гектар жерді қайтару жоспарланып, оның 69%-ы орындалды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 742 әлеуметтік нысанның мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделуіне мониторинг жасалып, нәтижесінде 314 нысанға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.  Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов сөз алып, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің есепті кезеңде атқарған жұмыстарына оң бағасын берді.   width=
«Мен есепте айтылған жұмыстарды кеше ғана ауыл аймақтарды аралап, көзбен көрдім. Халықпен тікелей тілдесіп, жағдаймен таныстым. Онда көтерілген мәселелер партияның алға қойған міндеттерінде көрініс тапқан. Енді сайлауалды уәделердің уақтылы және сапалы орындалуына Мәжілістен бастап барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракция мүшелері, партия филиалдары мен бастауыш ұйымдары бір кісідей жұмыла жұмыс істеуі қажет», - деді ол өз сөзінде.
Осыдан соң қалалық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі Талғат Мақашов, партияның Жалағаш аудандық филиалына қарасты «Қаракеткен» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мирамкүл Жүсіпова және Қазалы аудандық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Нұрбек Ақпанбетовтер де өз ұсыныс - пікірлерін ортаға салды.  width= Айта кетейік, Қызылорда облысында 241 бастауыш  ұйымына біріктірілген 44 мыңнан астам «AMANAT» мүшесі бар.  width=

Серіктес жаңалықтары