«Ұлы дала жорығы»: шабандоз қыздар көпшілікті тәнті етті

«Ұлы дала жорығы»: шабандоз қыздар көпшілікті тәнті етті

«Ұлы дала жорығы»: шабандоз қыздар көпшілікті тәнті етті
ашық дереккөзі
50832
Мәдениет және спорт министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне Ақмола облысынан қыздардан құралған «Иманжүсіп» командасы  қатысады. Шабандоз Мерзақ Садуақасов сынды ер азаматпен қатар Ләззат, Лаура, Анна, Евгения есімді 4 ару Ақмола облысы командасының намысын қорғамақ. Бас серіктес – Sport Qory қолдауымен  марафон-бәйге 6 қыркүйек, сағат 14.00-де Астана-Түркістан бағыты бойынша Қаражар (Ильинка) ауылынан бастау алып, 14 күнге созылады. Қатысушылар еліміздің 5 өңірі — Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1300 км қашықтықты жүріп өтеді. Түркістан қаласында марафон аяқталады. Жалпы, шабандоздар 12 аудан мен 52 елді мекенді аралайды. Марафонға қатысу үшін халықаралық судьялар мен жоғары білікті ветеринарлар шақырылған. Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі биыл екінші рет  өткізіледі. Жарыстың ашылу салтанаты 5 қыркүйекте елордалық «Қазанат» ипподромында болады.

Серіктес жаңалықтары