Полицейге қарсы күш қолданғандар қалай жазаланады?

Полицейге қарсы күш қолданғандар қалай жазаланады?

Полицейге қарсы күш қолданғандар қалай жазаланады?
ашық дереккөзі
50316
ІІМ-де полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғаны үшін қандай жаза қарастырылғаны айтылды, деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отбасындағы зорлық-зомбылық – жұртшылықты алаңдататын өзекті проблема. Қаншама адам жақынының қысымына шыдап, қорлық пен қол көтеруге төзіп келеді. Алайда мұның соңы ауыр зардаптарға әкелетінін ұмытпау қажет. Қоғам қасіретіне айналған бұл мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.
«Қазір мұндай құқықбұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеледі. Енді агрессор арыз түссе де, түспесе де, жауапқа тартылады. Кейде жәбірленушіні «үй агрессорынан» құтқарамын деп, қызметкерлер өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысында мас ер адам үйінде жанжал шығарып, әйелі полиция шақырған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде «агрессор» өз үйінің ауласында оларға қарсылық көрсетіп, заңды талаптарға бағынбаған. Тіпті, қызметкерлердің бірін пышақпен жараламақ болған. Жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылды. Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 1699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 792 құқық бұзушы қамауға алынды.
«Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, яғни сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Мұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің іс әрекетінде заңбұзушылық болса, азаматтар шағымдануға құқылы», – деді Азамат Құрымбаев.

Серіктес жаңалықтары