Сарбаз Бекбол Мираштың өлімі: айыпталушыға сот үкімі шықты

Сарбаз Бекбол Мираштың өлімі: айыпталушыға сот үкімі шықты

Сарбаз Бекбол Мираштың өлімі: айыпталушыға сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
50273
Шымкент гарнизонының әскери сотында күш қолдану арқылы қорқытты және билікті асыра пайдаланды деп айыпталған шекара заставасының сержанты Н.-ға үкім шықты. Сондай-ақ оған әскери қызметші Б.-ны өзін өлтіруге дейін жеткізді деген айып тағылған, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Н. шекара заставасында келісімшарт бойынша мобильді топтың басшысы ретінде қызмет атқарды. 2022 жылғы тамызда ол әскери қызметшілер Қарулы Күш жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еркімен ауыстырғанын анықтады. Н. осыны пайдаланып, жәбірленуші Қ.-дан ақша бопсалап, нәтижесінде соңғысы аталған соманы сотталушының банк шотына аударған. Н. шекара заставасының аумағында алкоголь ішкен жәбірленуші Б., К., А.-ны көріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, оларға дене жарақатын салған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелерді қарап тексерумен, оның ішінде банктік шоттан үзінді көшірмемен, шекара заставасынан алынған бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сонымен бірге, сотта оның әскери қызметші Б.-ның өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі расталмады. Н. қарамағындағы Б.-ға жүйелі және негізсіз талап қойды, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлады деп айыпталды. Алайда, сот белгілегендей, сотталушы застава аумағында небәрі 8 күн болған, оның ішінде жәбірленушімен бірнеше рет қана кездескен және мұндай қысқа мерзімде суицид үшін жағымсыз жағдай туғыза алмады. Дәлелдемелер сотталушының бұл әрекетке қатысы барын жоққа шығарды. Сот үкімімен Н. ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы және 451-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыс жиынтығы бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. ҚК 105-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында және 451-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстар бойынша Н. сот үкімімен кінәсіз деп танылып, ақталды. Б.-ның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс материалдары оңтүстік өңірдің әскери прокурорына жіберілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, Бас әскери прокуратура былтыр тамызда «Шөлдала» шекара заставасының мерзімді әскери қызметшісі Б. Мираштың өзіне қол салу дерегіне қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген. Биыл ақпан айында «Шөлдала» шекара бөлімшесіндегі жауынгер өлімі фактісі бойынша ішкі тергеу жүргізіліп, бірнеше адам қызметінен шеттетілген еді. Сарбаз өлімінен кейін бес адам қызметінен босатылған.

Серіктес жаңалықтары