Астанада студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Астанада студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Астанада студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді
ашық дереккөзі
50544
Жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанаты республика бойынша ЖОО және техникалық, кәсіптік білім беру мекемелеріне қоғамдық  мониторинг жүргізіп жатыр. Бүгін «AMANAT» партиясының Мәжіліс және мәслихат депутаттары жастар ұйымымен елордадағы Esil университеті мен Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің жатақханаларына барды.  width= Esil университетінің студенттер үйі 3 қабаттан тұрады, жоба бойынша 194 орынға есептелген. Студенттер жатақханада тұру үшін айына 20 мың теңге төлейді.  width=
«Қазір студенттер үйінде тұруға 200-ден астам өтінім келіп түсті. 26 тамызда жатақханада орын бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. Ал 28 тамызда студенттер кіріп, жайғасатын болады.  2022-2023 оқу жылында 154 студент болған. Әр бөлменің аумағы 18 шаршы метрді құрайды және 3 студенттен тұрады. 1-қабатта ұлдар, 2-қабатта қыздар орналасады. Ал 3-қабатта жоғары курстың студенттері жайғасады», - деді ЖОО ректоры Аяпберген Таубаев.
Оның айтуынша, одан бөлек шетелдік магистранттар мен докторанттар отбасымен тұра алатын бөлмелер де қарастырылған. Айына 30 мың теңге төлейді. [caption id="attachment_231353" align="alignnone" width="1280"] width= фото: turkystan.kz[/caption] [caption id="attachment_231356" align="alignnone" width="1280"] width= фото: turkystan.kz[/caption] Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қазір елордадағы жатқханаларда 16 мыңға жуық орын тапшы дейді.
«Жаңа оқу жылы басталарда әрқашан университет және колледж студенттерінің жатақханаларының жағдайы алаңдатады. Сондықтан партия төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасына сәйкес, 2 аптадан бері барлық жергілікті мәслихаттар партия филиалдарымен бірлесіп, оқу мекемелеріне мониторинг жүргізіп жатыр. Астанада 16 ЖОО, 30-дан астам колледж бар. Барлығында 100 мыңнан астам студент оқиды. Айта кетейік, қазір қалада 15 800 орын жетіспейді. Тапшылық бар», - деді ол.
Депутат елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша, Жастар саясаты мәселелері басқармасының жобалық кеңсе құрылғанын атап өтті. Бұл арқылы оқу орындары жеке инвесторларды тартып, жатақхана салуға жер алуды қолға алып отыр.
«Қазір 30 инвестордың арқасында 6 ЖОО-ға жер бөлінді. Ол жерде салынатын жатақхана 12 мың орынның тапшылығын жабады. 1-1,5 жыл уақытта бітеді деп жоспарлануда. Жердің жобалау жоспарына түзетулер енгізілген соң, құрылысы басталады. Ал қазір  қолда бар жатақханалардың жағдайын, жарамдылығын, қолайлығын қарап жүрміз. Нәтижесінде талдау жүргізіп, қанша жатақханаға жөндеу жұмысы, қосымша жабдықтар керегін білім мекемесінің басшылығына жібереміз», - деді Е.Каналимов.
Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің жатақханасы 5 қабатты ғимараттың төртінші және бесінші қабатында орналасқан. [caption id="attachment_231346" align="alignnone" width="1280"] width= фото: turkystan.kz[/caption] Астана қаласы «Жастар рухы» Жастар қанатының елордалық филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм аталмыш студенттер үйінде бірқатар олқылықтар кездескенін айтты.
«Барлық жатақхананың жағдайы көңілден шығады деп айта алмаймыз. Кемшіліктер болса, біз оларға ескертеміз. Бір аптаның ішінде кемшіліктерді түзеуілері тиіс. Бұл колледждің басшылығымен де әңгімелестік. Ескертулермен жұмыс істеп, жоюуға уәде берді», - деді ол.
[caption id="attachment_231357" align="alignnone" width="1280"] width= фото: turkystan.kz[/caption]  

Серіктес жаңалықтары