50326
Банкте адамдарды кепілге алған күдікті: полиция мәлімдеме жасады
Банкте адамдарды кепілге алған күдікті: полиция мәлімдеме жасады
Астанадағы Kaspi банкінде адамдарды кепілге алу ісі бойынша күдікке ілінген Әлихан Мурадов өз әрекетін түсінген. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша оның есі дұрыс деп танылды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мурадовқа қатысты соталды тергеу биылғы 6 тамызда аяқталды. Барлық қатысушы іс материалдарымен танысқан. Прокурор күдіктіге қатысты айыптау үкіміне 15 тамызда қол қойып, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.
Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, тұлғаның есі дұрыс деп танылды, - деп қосты полицейлер.Тергеу барысында полицейлер Әлихан Мурадовтың жалғыз әрекет еткенін анықтаған.
Бұл қылмысқа басқа адамдардың қатыстылығы анықталмады, - деді полиция департаментіндегілер.Бұған дейін Мурадовтың не қылмыстық, не әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны да белгілі. 2013 жылы наркологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазіргі уақытта Мурадов Астана қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекемесінде қамауда отыр. Соталды тергеп-тексерудің өзге мәліметтері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.