50238
Түркістан облысында суға батқан 10-адамның денесі табылды
Түркістан облысында суға батқан 10-адамның денесі табылды
Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 10-адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.
Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бүгінде суған батқан 11 адамның 10-ы табылды. Кеше 9-адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды.