Жамбыл облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
50596
Премьер-министрдің өкімімен «Азаматтық қорғау туралы» заңның 48-бабына сәйкес, Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Осыған сәйкес, облыстың аталған аудандарында ауа-райының қалыптан тыс ыстық болуы және судың тапшылығы салдарынан болған шаруалардың шығынын өтеуге ҚР Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу мәселесі өз шешімін табуда. Еске сала кетейік, жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша суармалы судың жетіспеушілігі мен температураның қалыптан жоғары болуына байланысты дақылдардың шығыны өткен жылмен салыстырғанда 25-30 пайызға төмен болады деп күтілуде. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шілде айының ортасында ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен кеңесте облыс басшылығының бастамасымен өңірлік төтенше жағдай жариялау туралы мәселе көтерілген болатын. Үкімет басшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің, «Қазсушар» Жамбыл облыстық филиалының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енген. Жұмыс тобы егіс алқаптарын аралап, жергілікті жерлердегі жағдаймен танысып, шаруа қожалықтарымен кездесулер өткізді. Бұдан бөлек, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов облысқа жұмыс сапары барысында да бірқатар жергілікті шаруалармен кездесіп, қалыптасып отырған жағдаймен танысқан еді. Аталған жұмыс тобының жан-жақты жұмысының нәтижесінде Үкіметке өңірлік сипаттағы төтенше жағдай жариялау және шаруа қожалықтарының шығынын өтеуге қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізіліп, ұсыныс қолдау тауып отыр. Бүгінгі таңда облыстың алты ауданында (Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас, Байзақ және Жамбыл) шығынды анықтау бойынша құрылған жұмыс топтарының ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен жұмысы жалғасып жатыр. Шаруа қожалықтарына келтірілген шығын көлемін анықтау шаралары вегетациялық кезең аяқталғанша нақтыланып, жақын күндері жарамсыз қалған аумақ пен шығын мөлшері түпкілікті айқындалады. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі жауаптыларға шаруалардың шығын көлемін анықтау нақты дәлелмен әрі заңды түрде жүзеге асуын қатаң бақылауда ұстау бойынша хаттамалық тапсырма жүктеді.

Серіктес жаңалықтары