Ерлан Қошанов «АМАNАТ» партиясында азаматтарды қабылдады

Ерлан Қошанов «АМАNАТ» партиясында азаматтарды қабылдады

Ерлан Қошанов «АМАNАТ» партиясында азаматтарды қабылдады
ашық дереккөзі
50290
Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері, «АМАNАТ» төрағасы Ерлан Қошанов партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады. Еліміздің әр өңірінің тұрғындары инфрақұрылымды дамытуға, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға қатысты және басқа да мәселелермен «AMANAT» партиясына жүгінді.  width= Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласының 40 мың тұрғыны атынан хабарласқан бір топ азамат Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол салу мәселесін көтерді. Онда жыл сайын мыңдаған турист келеді.
 «Алтай және шекара маңындағы Катонқарағай аудандарының тұрғындары үшін бұл жолдың маңызы зор. Мұндағы құрылыс 2018 жылы басталған еді, бірақ кейін толығымен тоқтап қалды. Мемлекеттік орман қорынан жер телімдерін беру жұмыстары кешіктірілуіне байланысты жолды жөндеуге қажет материалдар қымбаттап кетті. Сізден жолды жөндеу жұмыстарын тездетуге көмек көрсетуіңізді сұраймыз», – делінген азаматтардың ұжымдық үндеуінде.
 width= Ерлан Қошанов партия филиалына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, жол құрылысына қажетті барлық жер телімін беру мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ қажетті қаражатты бөлуді жеделдету керек екенін айтты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шекара маңындағы өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып, ішкі туризмді дамытуға барлық жағдай жасауды тапсырды. Бұл орайда, аталған  мәселелер осы жолды жөндеуге тікелей қатысты болып отыр. Мұндағы жұмыс басталып та кеткен. Сондықтан бұл мәселені қысқа мерзімде шешу керек», – деді партия Төрағасы.
Ал Ақтау қаласының тұрғыны Айсұлу Құрманғазиева мен күйеуі Жалғас Куватов кәсіпкерлікпен айналысып, сауда павильонын ашуды жоспарлап отыр. Екеуі де екінші топтағы мүгедек.

Серіктес жаңалықтары