50350
Ақтаудағы демалыс орнында жасөспірім қыз бен ер адам қаза тапты
Ақтаудағы демалыс орнында жасөспірім қыз бен ер адам қаза тапты
Ақтаудағы екі демалыс орнында 14 жастағы қыз бен ер адам суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz «Лада» сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 20 тамыз күні болды. Жедел жәрдем дәрігерлерінің айтуынша, 14 жастағы қыз «Монтажник» демалыс базасында сағат 11:47-де қаза болған.
Екінші қайғылы оқиға кешкі уақытта «Бриз» демалыс орталығында болды. Сол жерде 36 жастағы ер адам суға батып кеткен. Желіде марқұмның бес баланың әкесі екені белгілі болды. Оқиға куәгерлері оны шығарып алып, есін жиғызбақ болған. Алайда, әрекеттер нәтижесіз болып, ер адам көз жұмды.
Екі жағдайда да суға батқан адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.