Қар көшкінінен 7 жауынгер мерт болды

Қар көшкінінен 7 жауынгер мерт болды

Қар көшкінінен 7 жауынгер мерт болды
ашық дереккөзі
175
Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан әскерилердің жауынгерлік дайындық сабағы барысында қар көшкініболып, 7 жауынгер мерт болды. Қорғаныс министрлігі қайғылы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. «Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні  орын алды», – делінген ресми мәлімдемеде. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Көксай шатқалындағы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 16 адам құтқарылды. Іздестіру іс-шараларына Қарулы күштердің әскери қызметшілері, Жамбыл облыстық ТЖД жедел жасағы, Шекара қызметінің әскери қызметшілері арнайы техникамен жұмылдырылды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Премьер-министрдің қаулысына сәйкес, Қорғаныс министрлігінің басшылығымен комиссия құрылды.

Серіктес жаңалықтары