Жетісу облысында көз жұмған жедел жәрдем қызметкерлерінің кім екені белгілі болды

Жетісу облысында көз жұмған жедел жәрдем қызметкерлерінің кім екені белгілі болды

Жетісу облысында көз жұмған жедел жәрдем қызметкерлерінің кім екені белгілі болды
ашық дереккөзі
50591
Денсаулық сақтау министрлігі Жетісу облысы Ақсу ауданының жедел жәрдем медициналық қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Фельдшер Демеубаев Мұхит Қожахметұлы және жүргізуші Есболатов Ермек Сауытқалиұлы Матай ауылындағы балаға шақыртудан базаға оралып келе жатып, трассада жол апатына ұшырады. Бұл - қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары үшін және денсаулық сақтаудың барлық саласы үшін үлкен қайғылы жағдай. Мұндай жағдайлар дәрігерлердің жанқиярлығын білдіреді, олар өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаларды құтқарады», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Жетісу облысында жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапқанын жазған едік. Оқиға Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтабан – Матай автожолында болған. Жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары