50277
Жезқазғанда 288 млн теңгенің құбыры ұрланған
Жезқазғанда 288 млн теңгенің құбыры ұрланған
Жезқазған қаласында коммуналдық мекеменің басшысы 288 млн теңгеге құбырлар ұрлаған, деп хабарлады turkystan.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлау күдігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды. Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған. Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған, - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.Аталған лауазымды тұлға қазір коммуналдық кәсіпорынның басшысы емес. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сүйеніп, өзге ақпаратты жарияламады.