«Самұрық-Қазына» Qazaq air авиакомпаниясын сатылымға шығарды

«Самұрық-Қазына» Qazaq air авиакомпаниясын сатылымға шығарды

«Самұрық-Қазына» Qazaq air авиакомпаниясын сатылымға шығарды
ашық дереккөзі
50363
Qazaq air әуе компаниясы жекешелендіруге шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Активті жекешелендіру «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңдік конкурс әдісімен жүргізіледі. Өтінімдер 2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады», - делінген Qazaq air мәліметінде.
Компания сайтында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қорға тиесілі Qazaq air АҚ-ның 49 пайыздан 100 пайызға дейінгі акциясын сату бойынша тиісті шарттармен сауда өткізетіні хабарланған. Qazaq air тұрақты ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсететін, пайдаланушы сертификаты бар Қазақстанның үш ірі коммерциялық әуе компаниясының бірі саналады.

Серіктес жаңалықтары