50231
«Жер аманаты»: ШҚО-да 1 155 га жайылымдық жер енгізілетін болды
«Жер аманаты»: ШҚО-да 1 155 га жайылымдық жер енгізілетін болды
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы аясында тиімсіз пайдаланылған жердің бәрін ауыл тұрғындары мен агрошаруашылыққа қайтару жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» және Партиялық бақылау комиссияларының бірлескен жұмысының арқасында Гагарино мен Северное ауылы тұрғындарының өтініштері оң шешілді.
Гагарино ауылының іргесінде көп жылдар пайдаланылмай келген 1 155 га жер жайылымдыққа берілетін болды. Сондай-ақ, Северное ауылының заңсыз жыртылған 20 га жер ауыл тұрғындарының пайдалануына қайтарылды.
Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Серік Оразхановтың айтуынша, қазір Гагарино ауылының шекараларын белгілеу бойынша жер учаскесінің схемасы әзірленуде, соның есебінен елді мекеннің жер аумағы ұлғайтылу жоспарлануда.
«Гагарино елді мекенінің аумағы 2620 гектарды құрайды. 2200 га жері – негізгі учаске, 420 га жер – басқа шаруашылықтың жер учаскелерімен қиылысып жатыр. Халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету үшін Гагарино ауылының айналасында ауданның артық қордағы жерлерінен қосымша 1 515 га жер қарастырылды. Қосымша айта кету керек, «Agro Vostok LTD» ЖШС Гагарино ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан 107,4 га жайылымдық жерді мемлекет меншігінен ерікті түрде бас тартып, қайтарып берді. Бұл жер учаскесі де елді мекеннің аумағына енгізілетін болады», - дейді Серік Оразханов.Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Ринат Болатқан Северное ауылының тұрғындарына ауыл шаруашылығы үшін қосымша елді мекенді жерден 510 гектар жер берілгенін айтты.
«Партияның ШҚО филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2023 жылғы 29 наурыздағы ұсынымын орындау мақсатында Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ өкілдері, Северный селолық округінің әкімі, «ТАҢ» ЖШС директоры С.О. Әміреновпен, өтініш беруші С. В. Мухинмен бірлесіп 19 сәуірде тиісті жерге барды. Спутниктік электрондық картамен жұмыс істеу кезінде «ТАҢ» ЖШС директоры С. Әміренов Алтай ауданының Северное ауылынан батысқа қарай 0,5 км жерде орналасқан жер учаскесін игеру кезінде мемлекет меншігіндегі 20 га жерді байқаусызда пайдаланғаны белгілі болды Сондай-ақ, ауылдан оңтүстік-батысқа қарай 7 км және солтүстікке қарай 0,5 км жерде мал жаюға және шөп шабуға арналған бос жерлер бар», - дейді Р. Болатқали.