Шымкентте 5 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама басталды

Шымкентте 5 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама басталды

Шымкентте 5 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама басталды
ашық дереккөзі
50241
Шымкент қаласында жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша құжат қабылдау басталды, деп хабарлады turkystan.kz Отбасы банкіне сілтеме жасап. Өтінімдер 25 қыркүйекке дейін otbasybank.kz сайтындағы «Баспана маркет» бөлімінде қабылданады. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі. «Qamqor» бағдарламасының шарттары:
  • алғашқы жарна — 10%.
  • кредит мөлшерлемесі — 5% (жылдық тиімді сыйақының мөлшерлемесі — 5.2%), ары қарай 3.8% дейін төмендейді;
  • қарыздың шекті көлемі — 20 млн теңге;
  • Несие мерзімі 25 жылға дейін.
Бағдарламаға қалай және кім қатыса алады ?
  • 63 жасқа дейін  азаматтар(ша)
  • Соңғы 5 жылдағы жылжымайтын мүліктің жоқтығы
  • Шымкент қаласында кемінде 3 жыл тұрақты
  • Қаланың түрлі салаларындағы еңбек қызметі - журналистер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт, энергетика және тағы басқалар!
Қатысушыларды іріктеу қалай өтеді? Сіздің қатысуыңыз ұпай жүйесі бойынша бағаланады:
  • 35 жасқа дейінгі жастарға – 5 ұпай.
  • Жұмыс өтіліне – 5 ұпайдан бастаңыз, жыл сайын – жаңа балл!
  • Отбасылық жағдайы - некеде 5 балл, жыл сайын қосымша 2 балл.
  • 18 жасқа дейінгі балалар - сіздің әр балаңыз 1-2 ұпай қосады.
  • ЖАО кезекте тұрушы болсаңыз, сізге 10 ұпай беріледі.
  • Банк салымшысы болсаңыз, сіздің қаржылық жауапкершілігіңіз үшін 2 балл.
  • Шымкентте тіркелу – 5 балл болып есептеледі!

Серіктес жаңалықтары