50334
Ақкенттегі өрттен адамдарды құтқарған азаматтар марапатталды
Ақкенттегі өрттен адамдарды құтқарған азаматтар марапатталды
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ақкент» шағынауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлады turkystan.kz
Атап айтқанда, төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен «Expo Masters» ЖШС менеджері Тілеужан Ахметханов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі Гюнай Шюкрю, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі Эльдар Исмаилов, «Gask Construction» ЖШС автокран операторы Йерделен Халил, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі Кенан Мамедов, сонымен қатар «Frank-Asia» ЖК автокранының операторы Вадим Романов марапатталды.
«Бұл қайғылы оқиға халқымыздың басқалар үшін қаншалықты бейжай, жанашыр және тәуекелге баруға дайын екенін көрсетті. Мен сол бір табиғи апат күні айналып өтпеген, өрт сөндірушілерге көмектесуге асыққан барлық жанға алғысымды білдіремін. Дәл осындай адам – жауапты азамат, «Адал азамат» туралы Мемлекет басшысы жақында өткен құрылтайда айтты. Бәріміз сондай қамқор адам болуға тырысамыз», - деді Ерболат Досаев.Сонымен бірге, қала әкімі өртті кәсіби әрі жедел түрде ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді. Еске сала кетейік, 1 тамыз күні 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік. Қызыл жалын сағат сол күні 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын. Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.