50338
Депутаттар елордадағы қоғамдық орындардың жай-күйімен танысты
Депутаттар елордадағы қоғамдық орындардың жай-күйімен танысты
«AMANAT» партиясының мүшелері «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру бойынша, Астананың қоғамдық кеңістіктері мен аулаларының жай-күйімен танысты, деп хабарлады turkystan.kz.
Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев пен Марат Башимов жуырда Астананың 25 жылдық мерейтойына орай және БАҚ қызметкерлерінің құрметіне бой көтерген Байқоңыр ауданындағы «Журналистер» аллеясына барды.
Айта кетейік, нысандардың сапалы әрі өз уақытында аяқталуын партия өз бақылауында ұстап отыр. Ал, ауданның ескі орталығында жаңадан абаттандырылған алаң – Егемен Қазақстан көшесі мен Кенесары көшесінің қиылысында орналасқан. Онда шағын сәулет нысандары, жарық бағаналары, демалыс орындары қойылды. Сондай-ақ, қазір қосымша көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы суару жүйесі қосылды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада қоғамдық кеңістіктер өте аз екенін айтты. Осы тұрғыда бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Қазір дамыған қалалардың барлығында қоғамдық орындарды дамыту басты назарға алынады. Астана – тұрғындарға, әсіресе жастарға серуендейтін, қауіпсіз қала болуы тиіс. Елорданың ескі аудандарында жаңа әрі жайлы саябақтар болуы маңызды. Тек Астанада емес, еліміздегі барлық қалаларында тұрғындарыдардың жайлылығы үшін жағдай жасалуы керек. Сондықтан, біз депутат ретінде осындай бастамаларға бюджеттен қаржы бөлініп, іске асырылуын қадағалаймыз», - деді Башимов.Халық қалаулысы Павел Казанцев партияның жол картасындағы нысандарды бақылауды депутаттар жүзеге асыратынын айтты.
«Мәжіліс депутаттары қыркүйекке дейін халықпен кездесу, әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыруда.«AMANAT» партиясының депутаттары Жол картасының тармақтарына енген нысандарды қарап жатыр. Бүгін біз қоғамдық кеңістіктерді аралап жатырмыз. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені өте тез дамып келе жатқан қаланың, әдетте, инфрақұрылымы артта қалып жатады. Байқоңыр ауданында былтыр 2 қоғамдық орын болса, биыл олардың санын тоғызға жеткізу көзделген. Ол бағдарламада көрсетілді. Журналистер аллеясында бұрын жылумен жабдықтау магистралі болатын. Сондай-ақ, жастарға арналған жаңа тұрғын үйлер салынды. Сондықтан бұл ауданға көбірек қоғамдық кеңістіктер салыну керек», - деді ол.Депутаттың сөзінше, саябақтардағы барлық материалдар отандық.
«Бұл бізді қуантады. Тас төсеніш, метал құрылымдары, түрлі мүсіндердің барлығы Қазақстанда жасалған», - деді Казанцев.