Хакерлер енді әуедегі ұшақтарға да шабуыл жасай алады
Хакерлер енді әуедегі ұшақтарға да шабуыл жасай алады
Хакерлердің қарым-қабілеті күннен-күнге артып, шабуыл аясы көз ілеспес шапшаңдықпен ұлғайып барады. Қорғанысы мықты деген жүйенің өзін тас-талқан ететін әккілер енді заманауи ұшақтарға әуеде ұшып бара жатқанда шабуыл жасай алады. NewsRu.com таратқан ақпаратқа сүйенсек, мұндай тұжырымды Boeing және Airbus әуе лайнерлерінің электроникасын зерттеген америкалық үкіметтік агенттігінің мамандары ұсынған. Мамандардың айтуынша, хакерлердің тарапынан жасалатын шабуылдардан америкалық Boeing 787 Dreamliner және еуропалық Airbus A350 мен A380 сияқты жаңа ұшақтары істен шығуы мүмкін. Мәселен, ұшқыштар кабинасының кейбір электрондық элементтері жолаушылардың жеке экрандардағы ойындары мен Интернетті пайдаланатын Wi-Fi бойынша коммуникациялар немесе сымсыз мәлімет алмасу қызметін қолданады. Компьютер қауіпсіздігі жөніндегі мамандардың пікірінше, мұндай жағдайда авиониктің жұмысына сыртқы ресурстардан араласу мүмкіндігі бар. Сарапшылардың бірі тіпті лайнердің жүйесіне кіретін платформаға жолаушылардың бірінің Интернет арқылы жүктеп алған мәліметтерінен вирус кіруі мүмкін екенін алға тартады. Борттағы компьютермен байланыс орнатқан хакерлер қауіпсіздік жүйесінің немесе навигация жүйесінің, сонымен қатар ұшқышқа берілетін бұйрықтарға бақылау жүргізе алады. Сайт таратқан мәліметке қарағанда, хакерлер шабуылынан жаңа ұшақтарға қарағанда ескі ұшақтар жақсы қорғалған. Өйткені ескірген ұшақтар Интернет арқылы көп қызмет атқармайды. Сондықтан құрастырылған жылы 20 жылдан асатын ұшақтардың басқару жүйесіне әккілер оңайлықпен бас сұға алмайды.