50353
Министр 7 айда бюджетке қанша ақша түскенін айтты
Министр 7 айда бюджетке қанша ақша түскенін айтты
Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев Премьер-министрге 7 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіші туралы есеп берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Қаржы министрінің айтуынша, мемлекеттік бюджетке 10,4 трлн теңгеден астам, республикалық бюджетке 6,8 трлн теңге кіріс түскен. Республикалық бюджет бойынша 12,8 трлн теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмағаны – 95 млрд теңге. Үнемдеу – 17 млрд теңге. Игерілмегені – 78 млрд теңге.
Игерілмеген қаражаттың ең ірі сомасы Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және спорт, Төтенше жағдайлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Оқу-ағарту министрліктеріне тиесілі, – деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.Министр игерілмей қалған қаржылардың негізгі себептері конкурстық рәсімдердің тым ұзақ уақытқа созылуынан екенін айтты. Қосымша келісімдердің, жұмыс актілері мен шот-фактуралардың дер кезінде ұсынылмауының салдарынан қаржы игерілмей жатыр деді.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары – 6,7 трлн теңге. Атқарылмағаны – 83 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 тамызға 891 млрд теңге бөлінді. Оның 97,4%-ы игерілген. Игерілмегені – 23 млрд теңге. Ең көп игерілмеген қаржы Астана қаласы, Атырау, Жетісу, Қарағанды және Алматы облыстарында, – деді Үкімет басшысының орынбасары.