50603
Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады
Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады
Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті 18-20 тамызда жұмыс істемейді, деп хабарлады turkystan.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет өкілдерінің мәліметінше, осы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Бақты» автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылып жатыр.
«Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған. Осыған байланысты Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында «Бақты» өткізу пунктінің жабылатынын хабарлайды», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.«Бақты» өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр. Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.