50298
Найзағай, жел, жауын: 15 тамызға арналған ауа райы болжамы
Найзағай, жел, жауын: 15 тамызға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 15 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс пен шығыста таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр және жылбысқы қар) жауады.
Тек республикамыздың оңтүстігі жоғары атмосфералық қысым ықпалында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды.
Республика бойынша екпінді жел тұрады.
Елдің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде 37°С-қа дейін қатты ыстық болады.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында өрт қаупі жоғары.