Түркістандық полицейлер кісі өлтірді деген күдікке ілінген 2 адамға іздеу жариялады

Түркістандық полицейлер кісі өлтірді деген күдікке ілінген 2 адамға іздеу жариялады

Түркістандық полицейлер кісі өлтірді деген күдікке ілінген 2 адамға іздеу жариялады
ашық дереккөзі
50547
Түркістан облысының Полиция департаменті кісі өлтірді деген күдікке ілінген екі адамға іздеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Otyrar.kz сайтының мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша күдікті 14.12.1985 жылы дүниеге келген Абдукаримов Санжар Жұмадиллаұлы іздестірілуде. Сондай-ақ 24.07.1989 жылы дүниеге келген Пашекеев Бахтияр Ғалымұлына да іздеу жарияланды. Ол дәл осы баптың 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
«Облыстық Полиция департаменті іздеудегі ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат болса, ведомствоның кезекші бөліміне 102, 8(725-33) 5-97-65 немесе іздестіру тобына 8-747-789-06-79 байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұрайды. Айта кетейік, берілген ақпараттың құпиялығы сақталады және арнайы сыйақы қарастырылған», - делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары